«Қаламқас Аманбек ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігінің в, д, к, о-тармақтары (кісі өлтіру), ҚР ҚК 178-бөлігінің 2-тармағы (ұрлық) бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылсын. Қылмыстар санын ескере келе оған жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен, мүлкін тәркілей отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын», - деп сот үкімін жария етті Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Төлеген Таңсықпаев.
Сот сотталушының кінәсі жиналған айғақтармен толық дәлелденгенін ескерді.
«Сотталушының оған қатысты күштеу әрекеттері қолданылды деген дәлелін тергеу тобының өкілдері растамады», - деп атап өтті судья.
Қ.Аманбек өз айыбын толықтай мойнына алмады. Сот бұл әрекетін қорғану ретінде бағалады. Пікірлесу барысында мемлекеттік айыптаушы Қаламқас Аманбекке 18 жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығаруды сұраған еді.