Тони Брекстонның Алматыдағы концерті болмайды

Бұрын хабарланғандай, әлемдік танымал жұлдыздың 15 желтоқсанға жоспарланған концерті «Алматыдағы мәдениет жылы» акциясын аяқтауы тиіс еді.

Т.Брекстонның концерттік турын ұйымдастырушыларының айтуынша, оның өнер көрсетуі Мәскеу, Доха және Баку сияқты тағы бірқатар басқа қалаларда да өткізілмейді.

Сондай-ақ әншінің оның өнерін бағалаушыларға бейнеүндеу дайындағаны хабарланды.