«Топастар-ай»: Киікті малша қырғандар елдің ашуына тиді

Ол киікті тым құрыса етін керек ететін елдерге тірідей сатуды ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сәуле Әбілдаханқызы бұл ойын желідегі парақшасында жеткізді.

«Ай, топастар-ай... Ең құрымаса, етін керек ететін елдерге тірідей сатыңдар, тіпті болмаса, сойып, етін экспорттаңдар, тым болмаса, аш елдерге қайырымдылық азық ретінде жіберсеңдерші... Шаш ал десе, бас алатын есектердің өздерін осылай қырып салса ғой...»,-деп жазды ол. 

Көпшілік қоғам белсендісін қолдап, киіктің киесі ататынын ашып айтқан.

«Киіктің киесі атады дегенді ұмытты-ау бұлар», «Киікті атқанша көшедегі қаптаған итті атпай ма?», «Обал-ай», «Соншама топастыққа шек бар ма?!» деп жазды олар.