Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жолдайды

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"1 қыркүйекте, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жолдайды. Жолдауда президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды",-деді Уәли.

Берік Уәли атап өткендей, мұндай жолдаулар президенттің тәжірибесінде жыл сайын болады.