Тоқаев 42 500 теңге төленетінін хабарлады

Бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деді мемлекет басшысы.