Тоқаев апатқа байланысты жәрдемдескен қан тапсырушылар мен ауыл тұрғындарына алғыс білдірді


Бұл туралы президенттің ресми Twitter желісінде жарияланды.

"Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті", -деді президент.