Тоқаев: Ақтөбедегі Оразаның алдында жасалған лаңкестік - шектен тыс арсыздық

"Қасиетті Ораза айы қарсаңында Ақтөбеде болған лаңкестік әрекет – шектен шыққан арсыздық пен қатыгездіктің көрінісі. Оларға қатаң жаза қолданылады", — деп жазды ол Twitter-дегі жеке аккаунтында. 

5 маусым сағат 15.45-те Ақтөбе облыстық ІІД-не қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалды деген хабарлама түскен. Бір сағаттан соң, Ұлттық гвардия оналасқан әскери бөлімге және келесі бір қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалған.


 Ұрыс барысынд
а шабуыл жасаушы жеті адам ұсталды, төртеуі мерт болды.