Caravan Logo

Тоқаев ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

Тоқаев ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.


Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!»,-делінген жеделхатта.