Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында мәлімдеді.
«Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», - деп жазды Президент.
Қазіргі таңда Атырау облысы коронавирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Облыста барлығы 7393 адам тіркелген, оның ішінде 4729-ы жазылып шықты, қайтыс болғандар - 13 науқас.