Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.
Қазақстанның екінші Президенті бір айдың ішінде не істеп үлгерді?
ШЫҰ
Loading...
Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 маусым күні Бішкек қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты.
Саммит кезінде президент бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Тоқаев Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жэнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесті.
Митинг
Loading...
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында "елде бейбіт митинг өткізуге рұқсат беретін заң қабылданатынын", - айтты.
Кадрлардың ауысуы
Loading...
Тоқаев ұлықтау рәсімі кезінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойған болатын.
13 маусым күні елорда әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды.
Ақтөбе қаласының әкімі болып Мавр Абдуллин тағайындалды.
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов болса, оңтүстік астананың әкімі болып Бақытжан Сағынтаев бекітілді.
Министрлердің ауысуы
Тоқаевтың жарлығымен мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.
Нұр-Сұлтанның экс-әкімі Бақыт Сұлтанов сауда және интеграция министрі болды.
Арыстағы төтенше жағдай
Loading...
24 маусым күні сағат таңғы 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болған болатын.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, халықты сабырға шақырған еді.
Несиелер кешіріледі
Loading...
Елімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесі кешіріледі. Әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған болатын.
Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланған.