Caravan Logo

Тоқаев бір күндік еңбек ақысын Арыста зардап шеккендер қорына аударды

Тоқаев бір күндік еңбек ақысын Арыста зардап шеккендер қорына аударды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы. .

 «Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды», - деп жазады Берік Уәли. Айта кетейік, «ҚазАқпарат» осыған дейін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығын хабарлады.