Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент жарлығына сәйкес, Сержан Әбдікәрімов Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан республикасының Чех және Словак республикаларындағы елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Дәулет Батырашев Қазақстанның Португалиядағы елшісі болып тағайындалды. Ол Румыниядағы төтенше және өкілетті елші қызметінен босатылды.

Ал оның орнына Нұрбах Рүстемов келді. Ол Қазақстанның Венгриядағы, Сербиядағы және бұрынғы Югославияның Македония республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Қазақстанның Венгриядағы елшісі қызметін Жәнібек Әбдрашов атқаратын болады. Ал Сербиядағы елші қызметіне Ғабит Сыздықбеков кірісті. 

Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Израильдегі елшісі болып тағайындалды.


Қазақстанның Сауд Арабиясы корольдігіндегі елшісі, еліміздің Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Берік Арын Бахрейн Корольдігіндегі елші қызметін қоса атқаратын болады.

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі Раушан Есболатова Мьянма одағы республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Президенттің басқа жарлығымен Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев Португалиядағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан босатылды.

Дулат Қуанышев Израильдегі елші қызметінен және Кипрдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқармайтын болды.