Тоқаев COVID-19 жұқтырған премьер-министрге сауығып кетуді тіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянға сауығуды тіледі, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап. 

"Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.


Еске салайық, мұның алдында Арменияның премьер-министрі Никол Пашиняннің COVID-19 жұқтырғаны хабарланған еді. "Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті", - деп жазған еді ол видеоның сипаттамасында.