Тоқаев екі дәрігерді қайтыс болғаннан кейін медальмен марапаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Исаев Олег Николаевич (марқұм) - 
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) - Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.