Нұр-Сұлтан әуежайында Рим Папасы Францискті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. .
"Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті. Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды", - делінген Ақорда хабарламасында.