Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. . 

"Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді", - деді Президент Twitter-парақшасында.

Loading...

Еске салайық, кеше Түркиядағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шыққан болатын. Түркиядағы және шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі бюллетеньдердің 99,43 пайызын өңдегеннен кейін Ердоған 52,14 пайыз, Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа президенті болып сайланды.


Ердоғанның Кылычдароғлудан екі миллион дауыс айымашылығы бар. Сайлаудың соңғы нәтижелері 1 маусымда ресми газетте жарияланады.