Caravan Logo

Тоқаев ертең БРИКС саммитіне қатысады

Тоқаев ертең БРИКС саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады, - деп хабарлайды  Caravan.kz  медиа порталы  Ақордаға сілтеме жасап.

Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының "БРИКС плюс" диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.