Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.