Тоқаев Индонезия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.