Тоқаев Иркутск облысындағы апатқа байланысты Путинге көңіл айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлаы.

«Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елді мекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан 9 мыңнан аса тұрғынмен 3 мыңнан артық  үй су астында қалды. Бес адам қаза тапқан