Тоқаев кіші қажылық жасап, Қағба ішіне кірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Президент ерекше құрметке ие болды – ол Қағбаның ішіне кірді. Оның есігі ерекше жағдайларда жоғары меймандарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан көшбасшысына деген құрметінің дәлелі болды", - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 23 шілдеде Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Оның Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқаны айтылды.