Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді.
Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді", - деп жазды ол.