Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өткізеді

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы. .

"Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізеді. Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау процесі қаралатын болады. Кеңеске орталық мемлекеттік органдар басшысы, өңір әкімдері қатысады",-деп жазды баспасөз хатшысы Facebook-те.

Еске салсақ, соңғы кездері еліміздегі эпидахуал күрт нашарлап кетті. Бірнеше қала қызыл аймақта. Әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалалында жағдай ушығып тұр.Бүгін еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 1800 ден аса адам анықталды.