Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Тұрғын үй мәселесін шешуге өзінің мүмкінгі жетпейтін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Осы жылдан бастап 5-10-25 бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 390 млрд теңге қаражат бөлінді. Кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселесін жедел түрде шешу керек. Қазір әкімшіліктер ондай азаматтар үшін арнайы жалға берілетін үйлер салып жатыр. Бұл жүйеге өзгеріс енгізіп жатырмыз. Жүз мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мәселені шешуді "Отбасы" банкіне табыстадым", - дейді Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы депутаттарға тапсырма беріп, халықтың жағдайын жақсартуды міндеттеді.
"Үкімет пен әкімшіліктер жеке үйлерді байланыс желілерімен қамту мәселесін жеделдетуі керек. Депутаттардан осы мәселені шешуін сұраймын. Мұқтаждарға үй беру қолымыздан келмей ме? Халқымыздың жағдайын жақсатруға мүмкіндігіміз жоқ болғаны ма?" - дейді Тоқаев.