Тоқаев өзінің кеңесшісін қызметінен босатты

Қазақстан президентінің өкімімен Ержан Бабақұмаров ҚР президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - деп жазылған өкімде.

Ержан Бабақұмаров бұл қызметті 2019 жылдың сәуір айынан бастап атқарған болатын.