Caravan Logo

Тоқаев парламент сайлауында дауыс берді

Тоқаев парламент сайлауында дауыс берді

10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен Мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-де ашылды. Сайлау учаскелерін жабу, дауыстарды санаудың басталуы және дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар жасау 20.00-де күтіледі.

Сайлауға барлығы бес партияның кандидаттары қатысуда. Олар бюллетеньде келесі ретпен орналастырылған:

1. Қазақстанның Халықтық партиясы;


2. «Нұр Отан» партиясы;
3. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы;
4. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы;
5. «Адал» саяси партиясы.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде - 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.