"Мемлекет басшысының еліміздің солтүстік өңіріне жұмыс сапары жалғасуда. Солтүстік Қазақстан облысында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесіп, өңірдегі күзгі жиын-терім науқанының барысымен танысады", - деп жазған Берік Уәли.
Бұған дейін Тоқаев Қостанай облысында болып, өңірдегі азық-түлік және сүт өнімдерінің бірқатар кәсіпорындарын аралап, аграрилермен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізді.