Caravan Logo

Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталыTengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдар қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.

"Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуылы салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепте 
атыс
 шығарғаны хабарланған болатын. Кейінірек қаза тапқандар саны артқаны белгілі болды.