Тоқаев қазақстандық вакцинаны салғызуға дайын екенін хабарлады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Коронавирус дағдарысын өткерудің ең тиімді және жүйелі шарасы - жаппай вакцинация екені белгілі. Елімізде бұл үрдістің сапалы өтуіне барлық жағдай жасауымыз керек. Сондықтан 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакцинациядан өткізуді үкімет пен әкімдіктегілерге тапсырамын", - деді Тоқаев. 

Бұған қоса, ол міндетті түрде қазақстандық вакцина салғызатын жеткізді. 


"Отандық вакцинаның жағымды нәтижелеріне үмітіміз зор. Егер барлығы біз ойлағандай болса, мен дәл осы қазақстандық екпені өзіме салғызамын", - деп қосты президент. 

Бұған дейін Тоқаев елдегі жаппай вакцинацияға байланысты дүрбелең туғызбауды тапсырған болатын.