Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді", - деп хабарлады Берік Уәли.