Тоқаев Қытай мен Орталық Азия арасында тауар айналымын ұлғайтуды ұсынды

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасында сауда және көлік бойынша министрліктер консультациясын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сауда және көліктің өзара байланысы мәселелері бойынша бірлескен жолдарды пысықтау үшін "Орталық Азия + Қытай" министрліктер консультациясы тетігін іске қосуды ұсынамын. (…) Қытайлық серіктестердің мәліметінше, соңғы 30 жылда ҚХР мен Орталық Азия арасында сауда көлемі 100 еседен артық өскен. Және мұнымен шектеліп қалмайды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін белсенді шаралар қабылдау қажет", - деді Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде.

Бұл міндет тауар айналымы құрылымын әртараптандыруды, кедергілерді жоюды, кеден ісінде тәртіп орнатуды және инновациялық шешімдер енгізуді көздейді.


"Қазақстан 135 позиция бойынша ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға қауқарлы. Соның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті 1 миллиард доллардан арттыруға болады", - деді Қазақстан президенті.

Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР лидерлерінің онлайн саммиті дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай өтіп жатыр.