Тоқаев референдумда өз таңдауын жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы астанадағы №59 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері алдымен Тоқаевты тізім бойынша тексерді. Одан кейін дауыс беру бюллетенін берді. Президент кабинкада көп бөгелген жоқ.

Бюллетеньде белгі қойды да, сыртқа шығып, дауыс беру парағын стационарлық жәшікке салды. Айта кетері, референдумда дауыс беру науқаны кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Содан учаскелердің есігі жабылып, бюллетеньдерді санау жұмысы басталады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі конституциялық өзгерістерді қолдаса, түзетулер бірден Ата заңға енгізіледі. Ол үшін арнайы жарлық пен қаулы қабылдаудың қажеті жоқ.