Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.