Тоқаев: санкциялар бүкіл әлемдік экономиканы әлсіретеді

"ХХI ғасыр саясатында бүкіл әлемдік экономиканы әлсірететін санкцияларға орын болмауы тиіс. Санкциялар — бұл БҰҰ айрықша құзыреті және олар ерекше жағдайда қолданылуы тиіс", —деді ол бейсенбіде Венада ЕҚЫҰ ПА ортақ үш комитетінің бірлескен отырысында жасаған баяндамасында.


Тоқаевтың пайымынша, қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру тек қана бірлесіп іске асырылуы тиіс. "Алауыздыққа қарамастан, бізге бәрімізге экзистенциалдық қауіп-қатерлермен күресу үшін  бірігу қажет. Еуразиялық қауіпсіздік  —бұл біздің тарихи жауапкершілігіміз", — деп атап айтты Тоқаев  деп келтіреді сенаттың баспасөз қызметінен.