Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
17 маусымда түске дейін мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.
"Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады", - деп хабарлады БОРТ 1 Telegram каналы.
Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.