Тоқаев үкімет дәрігерлерді ертең жақсы жаңалықпен қуантатынын айтты

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде", - деп жазды президент твиттерде.

Loading...

Қабылданған шешімді үкімет дүйсенбі, 30 наурызда жария етеді.

Соңғы деректер бойынша республикада коронавирус жұқтырған науқастардың жалпы саны – 229. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 135 адам

  • Алматы қаласында – 60 адам
  • Қарағанды облысында – 7
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Атырау облысы - 5 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкент қаласында - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.