Caravan Logo

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді


Үкіметтің кеңейтілген отырысы Мемлекет басшысының төрағалығымен өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі 12 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлады.

"Отырыста еліміздің 2022 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалу барысы және үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есеп қаралады", - делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.