Тоқаев ұшақтан қаза тапқандардың отбасына 4 миллионнан бөлуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Жиынға қатысушылар қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминнің, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың есептерін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасыларына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Қайтыс болғандардың жақындарына жан-жақты психологиялық және медициналық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек беріледі.

28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді