Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті", - деді Берік Уәли.

Ақорда мәліметінше, тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.


Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.