Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Экологиялық кодекске қол қойған болатын.
"Бұл стратегиялық құжатты дайындаумен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, қоғам өкілдері мен депутаттық корпус айналысты. Кодекс осы азаматтардың тынбай атқарған үйлесімді жұмысының арқасында барлық заманауи талаптарға жауап беретін, ел экологиясын жақсартатын тиімді нормалар жиынтығын қамтитын құжат болып шықты. Экологиялық кодекстің қабылдануымен Қазақстан тұрақты және берік экологиялық рельске түседі",- деп жазды экология, геология және табиғат ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев.