Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", - деп айтты ол.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.