Тоқаев жер тексерісіне қатысты мораторийді алып тастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының 1-тармағы жаңа 14) тармақшамен толықтырылған. Яғни алдағы уақытта Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізіледі.

Жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді.