Тоқаев Жоғары Сот кеңесі хатшысын тағайындады

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.