Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады."Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи және Баку қалаларына
ресми сапармен
баратыны хабарланған болатын.