Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Айырбасын көрейік. Жоқ деп айтпаймын. Егер "ертең қазақ тілі мемлекеттік тіл болады, ресми тіл дегенді алып тастаймыз. Бірақ сен ол үшін осы өлеңді жаз" десе, жатып алып жазамын. Ұлттың пайдасына тиетін бірдене беретін болса, бүкіл абыройымды, өзімді де құрбандыққа салайын. Халыққа пайдасы тиетін болса дайынмын! Тоқаев осылардың барлығын істеп берсе, тіпті кітап жазып беремін. Сөзімнен қайтпаймын", - деді Ринат Заитов.