Тоқал алып, шетелге кетсем бе екен? - Тәуекел Мүсілім

Актердің айтуынша, ол әкесіз өскен, сондықтан әкенің берер тәрбиесінің маңызы қандай екенін біледі, - деп хабарлайды Caravan.kz..

"Әкесіз өскен адам ретінде, үйленер алдында 10 рет ойланамын. Ал егер үйленсем, ажыраспау үшін отбасы құрамын", - деді Мүсілім.

Актердің айтуынша, танымал болғандықтан қыз таңдау оңай іс емес екен.

"Қыздың саған деген көңілі шын ба, жоқ па - түсіне бермейсің. Кейбір қыздардың қарым-қатынасты ойнап жасайтынын, өздерінің жалған сезімін білдіріп тұрғанын сезбейтінін көп байқаймын. Осындай кездесулерден кейін мені олардың шоу-бизнестен тыс қаншалықты бағалайтынын білу оңай емес. Үйленсем, бәрі де орнымен болғанын қалаймын, мен асығыс емеспін", - дейді актер.

Ал тоқал алуға қатысты сұраққа Тәуекел өмірде бәрі де болуы мүмкін екенін айтты.

“Тоқал алудың өзіндік шарттары бар. Ислам бойынша, бірнеше әйел алатын болсаң, оларды бір бірінен артық көрмей, бірдей көңіл бөлуің керек делінген. Яғни рухани жағынан да, материалдық жағынан да демеуің қажет. Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың өзі әйелдеріне бірдей қараған.

Егер оған дайын болсаң және асырай алсаң, неге тоқал алмасқа? Біз онсыз да азбыз, бар-жоғы 17 миллион. Демографияны көтеру қажет. Бірақ екінші жағынан, мұны іспен көрсететін ерлер қазір аз.

Тағы бір атап өтетін жайт, кей ата-аналар қыздарын бай жігітке тұрмысқа шығуға, тоқал болуға алдын ала дайындайды екен. Бұл дегеніңіз сұмдық қой.


Мысалыға, бір бойжеткен жас, қалталы бірақ отбасылы азаматтың назарын аудару үшін бәрін жасайды делік. Ақырында ол азамат сұлу қызға ғашық болып, өз отбасын тастап кетеді. Неге? Себебі оның алғашқы әйелі “бәйбіше” атануға келіспейді. Сондықтан да біздің елде бейресми тоқалдар көп. Заң бойынша, дәстүрді сақтап тоқал алатын болса, бір жөн, ал кей жағдайда ер адам сыртта жүріс жасап, оны отбасынан жасырады. Бұл дұрыс емес”, – деп түсіндірді Тәуекел.

“Ал өзіңіз тоқал алар ма едіңіз?” деген сауалға актер:

“Мен алдымен бір рет үйленіп алайыншы. Кейін әйеліммен келіскеніме қарай көреміз. Бірақ жүрегімді жаулап алар сол бір аруды тапсам, басқаны керек етпеспін деп ойлаймын. Дегенмен, өмірде бәрі мүмкін”, – деп жауап берді.

Ал болашаққа құрып отырған жоспары жайлы айта келе, Тәуекел біршама уақыт АҚШ-та тұрып көргісі келетін жасырмады.

"Мұнда өз орнымды тауып, жағдайымды жасадым. Адамдар мен жайлы әңгімелеседі, жобаларым жетістікке жетіп жатыр. Отандық нарықта жетістікке жетсең, бұдан кейін дамуға шабыт болмай қалады. Мен 28-демін, үйленбегенмін, мұнда мені ештеңе де ұстап тұрған жоқ. Сондықтан АҚШ-қа барып, актерлік білім алып, өмірге жаңа көзқараспен қарап көргім келеді", - деді ол.