«Тоқал» тақырыбы арқылы көтерілісті тоқтаттым деген Қыдырәлі Болманов елге масқара болды

Әлеуметтік желі қолданушылары елге танымал адамның дәл бұлайша айтқан сөзінен кейін теріс айналды. Көпшілік әншіге ащы пікірлерін, кекесін ойларын жазудан іркіліп қалмады, деп жазды Caravan.kz.

Қыдырәлі Болмановтың «шеруді осылай тоқтаттым» деген мағынадағы бұл сөздері жел қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Көпшілік тіпті оның атына түрлі ауыр сөздер де жазған.

«Ойпырмай, Қыдырəлі болмаса қырылып қалғандай екенбіз - ау,ə?»,- деп мысқылдапты белгілі журналист Арман Сқабылұлы.Мұндай пікірлерімен елгі белгілі қоғам қайраткерлері де бөліскен.

Қарапайым оқырмандар  болса, «Осы азаматтан осындай сөз күтпеп едiк, ұят-ай деп күйінсе, енді бірі «Ер азамат болса, тоқал деп сандырақтамай халыққа пайдасы тиетін игі іс жасамай ма»,- деген ой түйіпті.

Көпшілік болайын деп тұрған үлкен шерудің алдын осылай алғанын мысқылдаса, бірқатары "Тоқал" аламын деп те, төңкерісті тоқтатуға болатынын Қыдырәліден басқа кім білген?,- деп кекетеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін
«Время»
газетіне берген сұхбатында продюсер «Қарақаттың маған тоқал әперемін дегені - менің шарасыздықтан ойлап тапқан амалым еді» деген еді.

Себебі толқу үстінде тұрған халықтың көңілін қалай да басқа нәрсеге аудару керек болды»,- дейді Қыдырәлі Болманов. Түні бойы жылаған Қыдырәлі ақыры керемет айлаға басыпты. Тоқал тақырыбын ойлап тапқан продюсер осылайша жұрттың назарын жер мәселесіне қатысты даудан аударыпты-мыс. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі халық соған алданып, алаңға шықпай қалған көрінеді.