Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Елдің ортасында көп жүреміз. Жеке өзіме немесе қасымдағы жігіттердің парақшаларына хабарласатын қаншама қыз-келіншектер бар. Осы жағынан келгенде жігіттердің ортасында екінші немесе үшінші әйел болуға дайын, баламен қиналып кеттім, 2-3 балам бар, маған пана болатын еркек табыла ма дейтін әңгімелер бар. Оны жариялай бермейсің. Бірақ мұндай жағдайлар көп. Сондай қиын жағдаймен әйел алған азаматтар қаншама. Сол жігіттерді қолдап көмек көрсеткен қаншама жігіттер бар. Солай отбасы болып кеткен адамдар көп. Мен алайын алмайын алған адамды екі қолмен құптаймын. Жария түрде алған ол жігіттің жігіті. Оның әйелі де әйелдің әйелі. Егер мүмкіндік болмаса алудың қажеті жоқ. Сондықтан сіз басқа біреуді алып жарылқағаннан не пайда, сіздің әйеліңіз екі баласымен жесір болып қалса", - дейді ол.