Тоқалға таласқан Жамалиевке сот жазасын жеңілдетуден бас тартты

Тоқалға таласып бүкіл елге танылған Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталған болатын. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Және бар мүлкі тәркіленген. Ал, оның екі қолшоқпарының бірі 12, екіншісі 8 жылға абақтыға қамалды. Атышулы  астаналық кәсіпкердің ерке тоқалынан басталғаны есте. Келіншек жас жігітпен көңіл қосқан. Мұны көтере алмаған Жамалиев жандайшаптарымен жабылып Әлібиді өлімші етіп сабапты. 45 жастағы кәсіпкерге енді өтініш жазатын соңғы инстанция – Жоғарғы сот қана қалды.

Loading...