Видео үндеуге жауап ретінде, ҚР Бас прокуратурасының мәлімдемесінде хабарланғандай, Мұратхан Тоқмәди таңғы серуен кезінде турниктен құлап, жарақат алған. Мұны бақылау камерасындағы видеодан көруге болады. Сонымен қатар, процестік прокурор мен күдіктінің әңгімесі барсында ҰҚК қызметкерлерінің тарапынан заңға қайшы әрекеттер болғандығы туралы шағым түспеген. Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің дәйектері дәлелденбегендіктен, прокуратура тексеруді тоқтатты.
Қамауға алынған бизнесменнің жары
Instagram парақшасында мәлімдегендей, күйеуіне тәуелсіз сот сарапшысымен кездесуге рұқсат етілмеген екен.